Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес.    Стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйлерге зейнеткерлік жасқа толған жалғызбасты азаматтар, сондай-ақ жалғызбасты азаматтар қатарынан 18 жастан асқан I-II топтағы мүгедектігі бар өз бетінше қызмет көрсете алмайтын адамдар, және бұл ретте еңбекке қабілетті балалары да, жұбайы да жоқ немесе балалары және/немесе жұбайы бар, бірақ дәлелді себептерге байланысты олар оған қамқорлық жасай алмайтын зейнеткерлер қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау:

1. көрсетілетін қызметті берушінің ("Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы

3. "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүргізіледі.

Мүгедектігі бар адамдар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар интернат үйіне бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады. Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар қалыптастырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3)мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – сот шешімі туралы       

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнеткерлік жас туралы;

6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагер, тармақшада аталған қаза тапқан әскери қызметшілер отбасы мәртебесінің болуы туралы.

Ақпараттық жүйелерден өтініш беруге мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

жеке басын куәландыратын құжат, медициналық карта, мүгедектік тобы туралы МӘСК анықтамасы (зейнеткерлік жасқа толмаған адамдар үшін), он сегіз жастан асқан адамдар үшін – адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса). Құжаттардың көшірмелері түпнұсқалармен бірге ұсынылады, олар салыстырылғаннан кейін медициналық картадан басқа өтініш берушіге қайтарылады.

Стационарлық үлгідегі ұйымдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде:

1) қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмауын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) қолайлы моральдық-психологиялық климат құру;

3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;

5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру, тұрмысты, еңбекпен қамтуды, бос уақытты, ашық қоғамдағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруда олардың барынша дербестігін қолдау.

Туындаған сұрақтар бойынша 8 (715-33) 22-720 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. 

Айыртау ауданы әкімдігінің 
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Е. Қазбеков

23.04.2024
Қаралым саны: 12
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusegovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет