Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры А.С. Жүнісованың мақаласы

Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік саладағы өзгерістер

туралы ақпарат 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қазақстандық отбасын нығайтуға және дамытуға арналған базалық жағдайларды жасауға бағытталған жаңа әлеуметтік саясатты құруға негіз болады.

Әлеуметтік кодекстің қабылдануы бүгінгі күнге қолданылып жүрген 17 Заңның күшінің жойылуына әкеледі. Мысалы, егер қазір мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері 5 заңмен реттелетін болса, келешекте ол бір ғана Әлеуметтік кодексте болады.

Баяндау тәртібі әр адамның туғаннан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі өмір жолының кезеңдеріне сәйкес, барлық адамда бірдей бола бермейтін қажеттіліктерден туындауы мүмкін шараларды (өмірлік қиын жағдайдағы адамдар үшін әлеуметтік кепілдіктер) көрсете отырып құрылған.

ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында келесі бағыттар бойынша бірқатар шаралар қарастырылған:

1. Отбасының цифрлық картасын енгізу;

2. Жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер;

3. Жаңа көші-қон саясаты;

4. Балалы отбасыларды қолдау шаралары;

5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту;

6. Зейнетақы төлемдерін арттыру.

Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекс қазіргі кездегі әлеуметтік қолдаудың барлық әлеуметтік кепілдіктері мен нысандарының сақталуын, оның ішінде азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) төлемдермен қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік кодекс шеңберінде Қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлері өзгеріссіз сақталады. Сонымен бірге, Әлеуметтік кодекстің жобасында:

- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды жетектеп жүруге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекшіні міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту. Бұл дегеніміз, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жеке көмекшінің Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы болады, сақтандыру пакеті шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы үшін еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы төлеміне құқығы болады.

Әлеуметтік кодексті қабылдау: азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға; халықтың әлеуметтік әл-ауқатына автоматтандырылған мониторинг жүргізуге; әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға; электрондық және проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуге; азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап енгізілді, ол еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша сақтандыруды көздейді.

Осы мақсатта төлеушілер (жұмыс берушілер) өз қызметкерлері үшін Қорға ай сайын 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар аударады.

Әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда жүйенің қатысушысына (ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар төленген), ал ол қайтыс болған жағдайда оның асырауындағыларға Қордан әлеуметтік төлем төлеуге кепілдік беріледі. Бұл жұмыс істейтін азаматтар үшін республикалық бюджеттен базалық әлеуметтік қамсыздандыруға қосымша әлеуметтік қорғау деңгейі.

Қазіргі уақытта жүйемен 6,8 миллионнан аса адам қамтылған. 2022 жылы біздің елімізде шамамен 1,2 млн. адам әлеуметтік төлемдер алды.

27.04.2023
Қаралым саны: 115
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusegovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет