Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры А.С. Жүнісованың мақаласы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудаға рөлі

Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау ата-аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты мемлекеттік бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) қаражаты есебінен кешенді түрде көрсетіледі.

Бүгінде бала туған кезде ата-аналардың бірі еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны бюджеттен алады, оның мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК-ті, ал төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК-ті құрайды.

Сонымен қатар, жұмыс істемейтін аналар бюджеттен бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алады, оның мөлшері баланың туу кезектілігіне байланысты болады.

Жұмыс істейтін әйелдерге келетін болсақ, олардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанда 2008 жылдан бастап ана мен баланы әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша жұмыс орнынан демалыс беріледі. Осындай демалысты ресімдегеннен кейін болашақ ана жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем алуға өтініш береді.

Бұл төлемнің мөлшері демалыстың алдындағы соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар аударылған орташа айлық табысына байланысты болады. 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 3585-ге жуық әйел 2 242 миллион теңге көлемінде аталған төлемді алды. Бала туғаннан кейін ата-аналардың бірі МӘСҚ-дан бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемге жүгіне алады. Төлем мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% - ын құрайды.

2022 жылы 9641-ке жуық адам 2 428 миллион теңге көлемінде осындай төлем алған.

Осылайша, жұмыс істейтін ата-аналар жұмыссыздарға қарағанда әлеуметтік төлемдерді көбірек алады.

Аналарды әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем тағайындау кезеңі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұлғайтылды.

Баласы бар отбасы үшін, әрине, алаңдаушылықтар көп. Мемлекеттік органдардың цифрлық технологияларды дамытуы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау процестерін автоматтандыруы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен халық үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында оларды көрсету процестерін оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Мәселен, электронды қызметтер көрсету қарқынды дамуда. Мысалы, жүктілік және босану бойынша төлем алу үшін egov.kz порталы арқылы, ал бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төлем egov.kz порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүгінуге болады.

Әсіресе, азаматтарға өтініш бермей ақ, проактивті форматта көрсетілетін қызметтер сұранысқа ие болуда, ол үшін қызметті алу құқығын іске асыруға келіп түскен смс-хабарламаға өз жауабын-келісімін берсе жеткілікті.

Сондай-ақ, тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да дәстүрлі әдіспен төлем алуға өтініш білдіре алады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда отбасын, ана мен баланы мемлекеттік қолдау әлеуметтік қамсыздандырудың басты басымдықтарының бірі болып табылады.

15.03.2023
Қаралым саны: 126
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusegovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет