Баспасөз релизі «Айыртау ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Айыртау аудандық мәслихатының шешімі жобасына

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы болып табылады.

Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:

тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындауүшінзаңды мүдделерін іске асыружәне ҚР қолданыстағы заңнамаларды қолданысқа келтіру.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14885067

Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Қазбеков

Айыртау ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы (DOCX 23 Kb)

Қосымша 1 (DOCX 25 Kb)

Қосымша 2 (DOCX 19 Kb)

Түсіндірме жазба (DOCX 25 Kb)

05.01.2024
Қаралым саны: 50
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusegovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет