Баспасөз релизі «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» Айыртау ауданы мәслихаты шешімі жобасына

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысы болып табылады.

Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:

мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының үшін заңды мүдделерін іске асыру және ҚР қолданыстағы заңнамаларды қолданысқа келтіру.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14594495 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Қазбеков

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 шешіміне толықтылу енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының шешімінің жобасына» түсіндірмелік хат

Жобада көрсетілетін мәліметтер тізімі

Орындаушы құрастырушы-органның ақпараты

1

Аудандық орган, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі- құрастырушы

«СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

2

Жобаны қабылдауға қажетті негізі

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда күтілетін әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

жоқ

4

Жобаны іске асыруға байланысты шығынданатын қаражат, енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

Жоқ

5

Жобаны қабылдаған жағдайда нақты мақсат және күтілетін нәтиже мерзімі, енгізілетін ұсыныстардың   тиімділігі

мақсат- ҚР қолданыстағы заңнамаларды қалпына келтіру

6

Жобада қарастырылатын мәселелер бойынша ертеректе қандай нормативтік құқықтық актілерін қабылданғандығы және құрастырушылар оларды қалай орындалғандығы туралы мәлімет

жоқ

7

Жобада көрсетілген, құзыретіне енетін мәселелерге   мемлекеттік орган басшысының қол қоймау себептері

Жоқ

8

Басқа актілерді қалпына келтіру туралы мәліметтер

Жоқ

 

 

 Айыртау ауданының әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
                       басшысы Е.Қазбеков

ЖОБА 

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 шешіміне толықтылу енгізу туралы 

Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Айыртау аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6741 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтылулар  енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

12-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:

«бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін санаторлық-курорттық емделуге, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде жеке көмекшінің еріп жүруіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Лауазымы Аты-жөні

 

02.06.2023
Қаралым саны: 117
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusegovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет