Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады. Жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мемлекеттік стандарттарға сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайлар жасауға міндетті.

Ауданның мониторингтік тобы халықтың аз қозғалатын топтары үшін бейімдеуге жататын объектілердің тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

2024 жылы мүгедектігі бар адамдар тікелей баратын әлеуметтік маңызы бар объектілер енгізілді.

«Аmanat» сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде осы жылдың ішінде құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың және «Аmanat» партиясының облыстық филиалының мамандары кіретін мониторингтік топтар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне шығатын болады, тексерулер аяқталғаннан кейін бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою үшін ұсынымдар берілетін болады.

Өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті мемлекеттік уәкілетті орган ретінде облыстың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне үнемі бақылау жүргізеді және бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама енгізеді, ал жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актінің нормалары сақталмаған жағдайда осы объектілердің меншік иелеріне айыппұл санкцияларын қолдануға құқылы.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 154-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық жарыстарға және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарының толықтығымен ие болады.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық» 20 тарауының 255-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 83-бабына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін:

  • мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу;
  • мүгедектердің мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу:
  • жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатынан және (немесе) кәсіптік аурудан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-төрт жүз айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамдарға — сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрландыру шеңберінде қолжетімділік көрсеткіштерінің сапасын арттыру үшін «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталымен бірігу жолымен «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» құрылды, бұл әрбір мүдделі тұлға үшін әрбір объектінің қолжетімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда интерактивті қолжетімділік картасында ауданның 92 әлеуметтік маңызы бар нысаны орналастырылған, оның ішінде 33 нысан бейімделген.

Кедергісіз орта құру арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. 

"Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысы: Е. Қазбеков 

 

19.03.2024
Қаралым саны: 29
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusegovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет